Тәжікстанның Әділет министрі Музаффар Ашуриен үкіметтің соңғы жылдары Тәжікстандағы «ұлттық есімдерді жандандыру» саясатына енгізілген түзетулерін түсіндірді. Славян жұрнақтарының орнына заң жаңа туылған балалардың атына тәжік «-pur» (ер балалар үшін) және «-duht» (әйелдер балалары үшін) жұрнақтарын қосуға рұқсат береді.
«Славян тектес ұлттаржың аты-жөндеріне жалғанатын жұрнақтарын пайдалануға Тәжікстанда тұратын ұлттық азшылықтар, ең алдымен орыс тілділер үшін ғана ерекшелік жасалады. Олар өздері жаңа туған балаларын тіркеген кезде тегі мен әкесінің атын қолданатын жұрнақтарды өздері таңдай алады» деп түсіндірді министр.
Сонымен қатар, министрдің айтуынша, түзетулер тек заң қабылданғаннан кейін туылатын балаларға қатысты. Сондықтан, тегі мен әкесінің атын «орысша» қойған Тәжікстан тұрғындарына құжаттарды қайта рәсімдеуді өз еріктеріне қалдырды. Басқаша айтқанда – міндеттелмейді.
2007 жылдан бастап елдегі көптеген жоғары лауазымды шенеуніктер өз аттарындағы орыс жұрнақтарынан бас тартты.