Технология • Бүгін, 18:08

Армия үйі базасында Defense Tech IT Park қорғаныс технологиялары орталығы ашылды

10 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Алматыда Қорғаныс министрі авиация генералы-лейтенанты Дәурен Қосанов Армия үйі базасында Defense Tech IT Park қорғаныс технологиялары орталығының таныстырылымын өткізді. Бұл алаң Қарулы күштер мен ұлттық қауіпсіздік жүйесі үшін отандық технологиялық шешімдерді әзірлеу және енгізу мақсатында құрылған, деп жазады Egemen.kz.

Армия үйі базасында Defense Tech IT Park қорғаныс технологиялары орталығы ашылды

Фото: Қорғаныс министрлігі

Жобаның таныстырылымына Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі Дмитрий Мун, Freedom Holding Corp компаниясының бас атқарушы директоры Тимур Турлов, сондай-ақ IT-индустрия және ғылыми қауымдастық өкілдері қатысты. Freedom Holding Corp қолдауымен құрылған алаң қорғаныс технологиялары саласында ұлттық инновациялық экожүйені дамытуға бағытталған.

Қорғаныс министрлігі

Defense Tech IT Park – Қорғаныс министрлігінің 2022 жылдан бастап жүзеге асырып келе жатқан Defense Tech бастамасының дамуының жаңа кезеңі. Жобаның негізгі мақсаты – әскер мен қауіпсіздік жүйесі үшін цифрлық технологиялар, бейнебақылау жүйелері, деректерді талдау, телекоммуникациялар және жасанды спутниктік шешімдер саласындағы отандық IT-компаниялар мен стартаптардың инновациялық жобаларын енгізу.

Қорғаныс министрлігі желіде тараған видеоға қатысты шұғыл мәлімдеме жасады

Қорғаныс министрі авиация генералы-лейтенанты Дәурен Қосанов орталықтың құрылуы еліміздің технологиялық әлеуетін нығайтуға және заманауи әзірлемелерді әскерге жылдам енгізуге бағытталғанын атап өтті.

«Бүгінгі таңда мемлекеттің қорғаныс қабілеті тікелей технологиялық дамуға байланысты. Біздің басты міндетіміз – өз идеяларымызды әскерге практикалық тұрғыда енгізу жолын қысқарту», деді министр.

Еліміздің қорғаныс саласында қандай цифрлық шешімдер енгізілген?

Өз кезегінде Тимур Турлов алаңның технологиялар мен қорғаныс әзірлемелері саласындағы жас мамандар үшін тартымды орталық болатынын жеткізді.

«Біз мұнда Defense Tech Hub технологиялық білім беру алаңын құрдық. Студенттер, оның ішінде әскери кафедраларда білім алып жүргендер, практикалық дағдыларын жетілдіріп, хакатондар мен акселерациялық бағдарламаларға қатыса алады», деді Т. Турлов.

Қорғаныс министрінің цифрлық даму мәселелері жөніндегі орынбасары Дархан Ахмедиев жаңа орталықтың перспективалық технологиялық жобаларды іздеу және таңдау, әзірлеушілерді идеядан прототип жасауға дейін қолдау, шешімдерді әскерде пилоттық енгізуге дайындау алаңы болатынын атап өтті. Жаңа платформа қорғаныс ведомствосы, ғылыми ұйымдар және технологиялық бизнес арасындағы жүйелі өзара әрекеттестікті қалыптастырады және Қазақстанның қорғаныс мүддесі үшін инновацияларды жедел енгізуге мүмкіндік береді.

Қорғаныс министрінің орынбасары тағайындалды

Соңғы жаңалықтар

Күн мен түн 22 наурызда теңелмейді

Наурызнама • Бүгін, 17:41