Қоғам • Бүгін, 20:26

Жас жазушылар Президенттік әдеби сыйлыққа өтінім бере алады

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

16 наурызда қазақстандық жас жазушылар мен ақындарға арналған Президенттік арнаулы әдеби сыйлыққа үміткерлерден өтінім қабылдау басталады, деп хабарлайды Egemen.kz Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жас жазушылар Президенттік әдеби сыйлыққа өтінім бере алады

Сыйлық жас қаламгерлерге мемлекеттік қолдау көрсету, дарынды ақын-жазушылардың жаңа буынын қалыптастыру мақсатында биыл төртінші рет тағайындалып отыр.

Әдеби сыйлыққа 18-35 жас аралығындағы қаламгерлер бұрын халықаралық және ұлттық байқауларға қатыспаған туындыларымен үміткер бола алады.

Өтінім «Проза», «Поэзия», «Драматургия» және «Балалар әдебиеті» номинациялары бойынша қабылданады. Автор тек бір номинацияға ғана өтінім жолдауы тиіс.

Өтінімді 2026 жылғы 16 наурыз бен 16 маусым аралығында қағаз және электронды түрде келесі мекенжайға жолдау қажет: Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, 14 кіреберіс, ҚР МАМ Архив, құжаттама және кітап ісі комитеті, 273 кабинет.

Айта кетейік, Астанада Мемлекет басшысының бастамасымен тағайындалған Президенттік арнаулы әдеби сыйлық пен «Айбоз – 2025» ұлттық әдеби байқауы лауреаттарын марапаттау рәсімі өтті.

Соңғы жаңалықтар

Күн мен түн 22 наурызда теңелмейді

Наурызнама • Бүгін, 17:41