Коронавирус • 30 Сәуір, 2020

Қарағанды облысы: Жеті адамның індет жұқтырғаны анықталды

303 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кеше ғана Қарағанды облысында коронавирус инфекциясынан 11 науқас жазылып шықты деп қуанып отыр едік, бүгін облыстық әкімдіктің баспасөз қызметінен  жеткен хабар көңілді су сепкендей басты. Облыста тағы да жеті адам COVID-19 індетін жұқтырыпты.

Қарағанды облысы: Жеті адамның індет жұқтырғаны анықталды

Сырқатқа шалдыққандардың үшеуі Қарағанды тұрғындары болса, төртеуі Теміртау қаласынан. Олар бұрын жұқтырғандармен байланыста болғандықтан карантинге орналастырылған екен.

Пациенттердің барлығы инфекциялық стационарға жатқызылды.

Осы сәтке дейінгі мәліметке сай, Қарағанды облысында «жаман тұмау»  жұқтырғандар саны 149 адамға жетті. Оның ішінде бір пациент көз жұмды және 57 адам аурудан жазылып шықты.