19 Қыркүйек, 2013

Маңызды мәселенің мәнісі

381 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Елордада «Зейнетақы жүйе­сін жаңғыртудың ген­дер­лік ас­пек­тілері» атты семинар-кеңес болып өтті. Оған Президент кеңес­шісі, Президент жанындағы Әйел­дер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөнін­дегі ұлттық комиссияның төрайымы Гүлшара Әбді­қа­лықова, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау ми­нистрі Тамара Дүйсенова, «Бас редакторлар клубы» қо­ғам­дық бірлестігінің президенті Кенже­болат Жолдыбай, сон­дай-ақ,­ бірқатар республикалық бұқара­лық ақпарат құрал­дарының өкіл­де­рі қатысып, өз ой-пікірлерін ортаға салды.

«Мемлекет басшысының 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғыртуҚазақстан дамуының басты бағыты» атты ел халқына Жолдауында және Үкіметтің би­ылғы жылғы қаңтарда өткен кеңей­тілген отырысында берген тапсырмаларын орындау­ мақсатында Қазақстанда зей­нет­ақы жүйесін кезең-кезеңімен жаңғырту жүргізілуде», деді отырыс­та Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-ми­нистрі Светлана Жақыпова. Сон­дай-ақ, ол жаңғыртудың мақ­саты зейнетақымен қамсыз­дан­дырудың көп деңгейлі үлгісін сақтап, жоғалтылған табыс­ты зейнетақы төлемімен алмас­ты­ру мөлшерлемесін арттыра отырып, азаматтарды зей­нет­ақымен қамсыздандыру саласындағы тұтас мемлекеттік саясатты қалыптастыру мен зейнетақы жүйесінің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылатындығын тілге тиек етті.

Жиында БАҚ өкілдері тарапынан да бірқатар мәселелер көтерілді. Мәселен, демографияны көтеруде босанған әйелдердің қасында еріне кемінде 40 күндік демалыс берілу керектігі жайында ұсыныс айтылды. Қалалы жерлерде туған-туыссыз босанған әйелге аяқ-қолын бауырына алғанша ерінен басқа кім қарайды, сондықтан мұны да ескерген жөн деген пікірлер де назардан тыс қалмады.

Семинар-кеңесті қорытын­ды­ла­ған Президенттің кеңесшісі, Прези­дент жа­нын­дағы Әйелдер істері және отба­сы­лық-демогра­фия­лық саясат жөніндегі ұлт­тық комиссияның төрайымы Г.Әбді­қалықова аталған шараға БАҚ өкілдерінің арнайы келіп қатысып, ұсы­ныс-пікірлер айтқанына ри­зашылығын айта келе, көтерілген мәселелер жөнінде жұмыстар жүргізілетіндігін жеткізді.

Әбдірахман ҚЫДЫРБЕК,

«Егемен Қазақстан».

Соңғы жаңалықтар