
Астанада Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбековтің Пәкстан Ислам Республикасы Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы, генерал Ашфак Каянимен кездесуі өтті.
– Пәкстан Оңтүстік Азия аймағындағы Қазақстанның негізгі серіктестерінің бірі болып табылады және біздің ел де келешекте екіжақты қарым-қатынастың нығая түсуіне мүдделі.

Астанада Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбековтің Пәкстан Ислам Республикасы Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы, генерал Ашфак Каянимен кездесуі өтті.
– Пәкстан Оңтүстік Азия аймағындағы Қазақстанның негізгі серіктестерінің бірі болып табылады және біздің ел де келешекте екіжақты қарым-қатынастың нығая түсуіне мүдделі.Қазақстан Президенті – Қазақстан Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев біздің мемлекеттеріміздің арасындағы байланыстар достық пен өзара түсіністікке, ынтымақтастыққа негізделгендігіне әрқашан сенім білдіреді. Екі ел Қарулы күштерінің арасындағы тәжірибе алмасу әскери ынтымақтастықтағы басым бағыттардың бірі, – деп атап өтті Қазақстан қорғаныс ведомствосының басшысы А.Каянимен екіжақты кездесу кезінде.
Өз кезегінде генерал А.Каяни Пәкстан армиясының террористік қауіп-қатерге қарсы мол тәжірибесі жинақтағанын, бүгінде Пәкстан БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясында ірі әскери контингенті барлығын және осы бағытта өзінің тәжірибесімен бөлісуге даяр екендігін айтты.
Тараптар өңірлік қауіпсіздік мәселелерін және 2014 жылы АҚШ пен НАТО әскерлерін шығарғаннан кейінгі Ауғанстандағы жағдай барысын талқылады.
– Қазақстан Ауғанстандағы қарсы жақтардың ымыраласуына және екіжақты байланыстардың бейбіт жолмен дамуына мүдделі. Біз Пәкстанды ауған мәселесін реттеуге қатысушылардың бірі ретінде қарастырамыз, – деп атап өтті Қазақстан Қорғаныс министрлігінің басшысы.
Ә.Жақсыбеков А.Каяниді Қазақстан қорғаныс-өнеркәсіп кешенінің даму барысымен таныстырды және пәкстандық компанияларды халықаралық қару-жарақ, әскери техника және әскери техникалық мүлік «KADEX-2014» көрмесіне қатысуға шақырды. Өз кезегінде генерал қазақстандық қорғаныс-өнеркәсіптік кешеннің кәсіпорындарымен ынтымақтастыққа қызығушылық танытты.
Кездесу соңында Ә.Жақсыбеков Қазақстан-Пәкстан әскери ынтымақтастығы ұзақ мерзімді перспективаға ие болатынына және айтарлықтай дәрежеде екі елдің қауіпсіздігін нығайтуға ықпал ететініне сенім білдірді.
«Егемен-ақпарат».