Қазақстан • 30 Сәуір, 2020

Бүгін Рақымжан Қошқарбаевтың Рейхстагқа ту тіккен күні

1057 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Ұлы Отан соғысының батыры, «Халық Қаһарманы» Рақымжан Қошқарбаевтың Рейхстагқа ту тіккеніне тура - 75 жыл.

Бүгін Рақымжан Қошқарбаевтың Рейхстагқа ту тіккен күні

 

Рақымжан Қошқарбаев Ақмола облысының Целиноград ауданында туған. 1942 жылы әскерге алынған. Деректерге қарағанда, 1944 жылы қазан айынан бастап 1-Беларусь майданындағы Идрицк атқыштар дивизиясы құрамында 150-ші взвод басқарып, Польша және Германия жерлеріндегі ұрыстарға қатысқан. 1945 жылы 30 сәуірде лейтенант Рақымжан Қошқарбаев жауынгер Григорий Булатов екеуі Совет әскері арасынан Берлиндегі Рейхстагқа бірінші болып Жеңіс туын тікті.

Берлиндегі Рейхстагқа жеңіс туын тіккен қазақтың ержүрек азаматы, «Халық Қаһарманы» Рақымжан Қошқарбаевтың (1924-1988 жж.) ерлігі ұрпақтан-ұрпаққа аңыз болып таралды.

Кеңес өкіметі оның ерлігін басқалардың еншісіне жазып, Қошқарбаевтың қаһармандығын ескермей келген-ді. Елбасы сол олқылықтың орнын толтырып, 1999 жылы Рақымжан Қошқарбаевқа «Халық Қаһарманы» атағын беру туралы Жарлыққа қол қойды. Осылайша ердің ерлігі ресми тұрғыда ұлықталды.

12345