Бейнеконференцияда салықтық преференциялар, қаржылық шаралар, мемлекеттік органдардың мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру аясында шарттық міндеттемелерді орындауы, отандық ауыл шаруашылығы және қайта өңдеу кәсіпорындарынан өнімдерді кепілді сатып алу тетіктері, жеңілдетілген қаржыландыру сияқты тақырыптар талқыланды.
- Карантин кезеңінің басынан бастап бізге көптеген өтініштер келіп түсуде. Біз әрбір мәселеге жеке тоқталып, қараймыз. Күн сайын орталық аппаратқа маңызды сұрақтар мен мәселені жіберудеміз. Ал орталық аппарат келіп түскен мәселелерді саралай отырып, тиісті шешімдер қабылдайды. Көптеген өтініштерді өзіміз шешеміз. Бұл негізінен аудандар мен қалалар арасындағы қозғалысқа байланысты сұрақтар, - дейді Алматы облысындағы өңірлік Кәсіпкерлер палатасының директоры Әсет Шаяхметов.
Бейнеконференцияда Кәсіпкерлер палатасы өңірлік кеңесінің төрайымы, іскер әйелдер кеңесінің жетекшісі, «Алматинские краски» ЖШС директорлар кеңесінің төрайымы Римма Салықова бизнестің дәл қазіргі кездегі жағдайын саралай келе, мемлекет пен «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы тарапынан қолға алынған дағдарысқа қарсы шараның тетіктеріне тоқталды.