Осы мақсатта бекет қызметкерлері қажетті жеке қорғаныс құралдарымен және залалсыздандыру құралдарымен толықтай қамтамасыз етілген.
Төтенше жағдай басталғаннан күні кешеге дейін бекеттерде мыңға тарта автокөлік тексеріліп, 1 768 заң бұзушылық анықталыпты.
3 327 қазақстандық рұқсат бланкісі мен ЕАЭО сыртқы шекарасынан келіп түскен 952 хабарлама рәсімделген, сондай-ақ 54 млн теңгеден астам айыппұл және 16 млн теңгеге жуық сомада алымдар өтелген.