Аймақтар • 30 Сәуір, 2020

Алматы облысы: Заречный кенті толықтай оқшауланады

229 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Алматы облысының Қапшағай өңірінде COVID-19 індетін жұқтырған 13 адам тіркелді. Олардың бесеуі Қапшағай қаласының, алтауы Заречный ауылының тұрғындары екен. Ал қалған екеуі кеше Атыраудан жеткізілген «Теңізшевройл» серіктестігінің жұмысшысы.

Алматы облысы: Заречный кенті толықтай оқшауланады

- Ауырғандардың үлкені 1958 жылы туған азамат болса, кішісі - 9 айлық бала. Қапшағай өңірінде індет жұқтырғандардың жалпы саны 15 адамға жетті. Осыған байланысты Қапшағай қалалық штабтың шешімімен Заречный кетіне бүгіннен бастап карантин енгізілді. Анықталған науқастардың барлығы тиісті ем алу үшін медицина мамандарының бақылауына алынды. Қазіргі кезде олармен байланыста болған 187 адам анықталды. Олар қазір оқшауланып, эпидемиологиялық тексеру жүргізілуде, - деп хабарлады Алматы облысы әкімінің баспасөз хатшысы Ғалымұрат Жүкел.