Аймақтар • 30 Сәуір, 2020

«Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде Алматы облысында 7100 тұрғын үй салынады

92 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Алматы облысында биыл қаржыландырудың барлық көздері есебінен 859 мың шаршы метр немесе 7100 мың тұрғын үй салу міндеті тұр, деп хабарлады ИИДМ баспасөз қызметі.

«Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде Алматы облысында 7100 тұрғын үй салынады

Биылғы І тоқсанда салаға 28 млрд теңге инвестиция бағытталды. Үш айда облыс бойынша барлығы 191,9 мың шаршы метр немесе 1 489 жеке үй пайдалануға берілді.

«Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде биыл облыста инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым және тұрғын үй құрылысына 22,3 млрд теңге сомасында 66 жобаіске асырылып, 2330 адам жұмыспен қамтылады. 

2020 жылы жалпы ауданы 95,1 мың шаршы метр болатын 1 602 жалға берілетін және кредиттіктұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланған. Оның ішінде сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй құрылысына 33 жобаны іске асыру үшін 9 млрд теңге қарастырылған. І тоқсан қорытындысы бойынша әкімдікке 868,4 млн теңге аударылып, ол 100% игерілді. Жыл соңына дейін 37,5 мың шаршы метр немесе 682 жалға берілетін тұрғын үй пайдалануға беріледі. Мұндай үйлердің құрылысына 825 адам жұмысқа тартылады.

Кредиттік тұрғын үй құрылысына 15 жобаны іске асыру үшін 10,4 млрд теңге қарастырылған. Биыл І тоқсан қорытындысы бойынша әкімдікке 420,9 млн теңге мөлшерінде облигациялар шығарылды, 100% игерілді. 57,6 мың шаршы метр тұрғын үй немесе 920 пәтерді пайдалануға беру жоспарланған. Ол үйлерді салу үшін 1 040 жұмыспен қамтылдады. 

Сонымен қатар, «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында 2%-бен несие берілетін «Бақытты отбасы» бағдарламасын жүзеге асыруға биыл республикалық бюджеттен облыс әкімдігіне 519 тұрғын үй үшйін 5,2 млрд теңге қарастырылған.

Тұрғын үй құрылысы аудандарына инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым жүргізуге 18 жобаны іске асыру үшін 2,9 млрд теңге қарастырылған. Ол жобаларда 465 адам жұмыспен қамтылады.