19 Қыркүйек, 2013

Ақмола облысында көбелектің 3 мың түрі бар

327 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

19 09-КөбелекАқмола облысы Зеренді ауданының тұрғыны Ортвин Шлоссер 45 жылдан бері көбелектің әр түрін жинап келеді. Бұл туралы «24 kz» хабарлады.

Оның жеке мұражайында сирек кездесетін көбелектің 3 мың түрі бар екен. ТМД бойынша мұндай мұражай әзірге жоқтың қасы. Көбелек жинауды дағдысына айналдырған азаматтың негізгі мамандығы – хореограф. Ұзақ жылдар бойы «Молодость» бишілер ансамбліне жетекшілік жасаған. «Мен көбелектің сан түрін жинау үшін Орта Азия мен Еуропаның коллекционерлерімен таныстым. Тіпті Жаңа Гвинея аралынан бір ерекше көбелек алып келдім», - дейді ол.

Ортвин Шлоссердің еңбегі зая кетпеген секілді. Оқушылар оның жеке мұражайында болып, әр мемлекеттен әкелінген көбелектің сан түрімен танысуда.

Данияр Түймебай.

Соңғы жаңалықтар

Алдағы күндері күн жылынады

Ауа райы • Бүгін, 17:55