19 Қыркүйек, 2013

Сирия химиялық қару жөніндегі деректерді Ресейге тапсырды

300 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

19 09-SiriyaСирия үкіметі химиялық қаруды террористер қолданғанын растайтын айғақтарды Ресей өкілдеріне тапсырды. Бұл туралы ИТАР-ТАСС хабарлады.

«Бізде химиялық қаруды террористер қолданғанын растайтын айғақтар бар. Ол деректер Ресейге тапсырылды», – деді Сирия президенті Башар Асад Американың «Фокс» телеарнасына берген сұхбатында.

Американың журналистері Сирия президентіне сауал қойғанда, БҰҰ инспекторларының баяндамасына сүйенді. Ал Башар Асад инспекторлардың Сирияға қайта оралатындарын, олардың ондағы міндеттері әлі бітпегенін ескертті.

«Біз ешқандай химиялық қару қолданған жоқпыз. Себебі, біз ол қаруды қолданған жағдайда өз әскерімізбен қоса, Дамаск аймағының ондаған мың бейбіт тұрғынына жапа шектіруші едік», – деді Башар Асад.

Айдар Өрісбаев.

Соңғы жаңалықтар

Алдағы күндері күн жылынады

Ауа райы • Бүгін, 17:55