– Алматыда дертке шалдыққандардың басым бөлігі ересектер. Барлық контингент бойынша айтсақ, 14 жасқа дейінгі балалар арасында 37 жағдай тіркелген (3,7%) 15-19 жастағы балалар арасында 54 жағдай анықталды. Бұл барлық аурулар санының 5,4 %-ы болып отыр. Ең көп тіркелген 20-29 жастағы ересектердің саны – 340 (34,4 %). 30-39 жастағы ересектер арасында 184 жағдай тіркелді (18,6 %). 40-49 жастағылар арасында 164 адам, 60-тан асқан үлкен кісілерден 70 адам ауырған, – деді Жандарбек Бекшин.
Бас санитар тілге тиек еткендей, дәл қазіргі сәтте қаланың 366 нүктесінде індет ошағы бар. Бүгінгі күнге дейін 1028 науқас тіркелген алматы короновируспен науқастанғандардың саны бойынша көш басында тұр. Шаһарда аты жаман тұмаудан 8 адам көз жұмған болатын.