Коронавирус • 30 Сәуір, 2020

Алматыда 4 мыңға тарта медицина маманы үстемақы алған

146 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда 3758 медицина қызметкеріне үстемақы төленді. Бұл туралы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Әсел Бисенбаева мәлімдеді.

Алматыда 4 мыңға тарта медицина маманы үстемақы алған

Қатерлі инфекциямен күресте барын салып еңбек етіп жүрген мамандар жұмыс қауіптілігіне қарай 3 топқа бөлінді. Тәуекелдің бірінші тобына өте қауіпті жағдайда жұмыс істейтін 560 қызметкер енді. Оларға 375 млн теңге төленді. Қауіптіліктің екінші санатында жүрген дәрігерлер мен фельдшерлерге, яғни 2282 медицина маманынатөленген сома 722 млн теңгені құрады.Үшінші топқа 916 қызметкер еніп отыр. Оларға 167 млн теңге бөлінді,–деп атап өтті Әсел Бисенбаева.

Аталған үстемақы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Covid-19 пандемиясымен күресіп жатқан медицина мамандарына қаржылай қолдау көрсету туралы тапсырмасына сәйкес жүзеге асып отыр.