
«Коронавирусқа тапсырған тест менің науқас екенімді көрсеткені жаңа ғана мәлім болды», - деді Михаил Мишустин Ресей Президенті Владимир Путинмен видеобайланыс барысында.
Министрлер кабинеті басшысының міндетін бірінші вице-премьер Андрей Белоусов атқаратын болды.
Михаил Мишустин жұмысын штаттық режимде жалғастыра береді. Президентпен және өзге әріптестерімен видеобайланыс арқылы сөйлесіп тұрады.