Аймақтар • 01 Мамыр, 2020

Алматы әкімі: Қиындықтарды қазір де бірлесіп жеңетінімізге сенемін

160 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қала тұрғындарын Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтады.

Алматы әкімі: Қиындықтарды қазір де бірлесіп жеңетінімізге сенемін

Бақытжан Сағынтаев бұл мереке ұйымшылдық, өзара түсіністік және қолдау сияқты қасиеттердің маңыздылығын еске түсіретінін атап өтті.

Сондай-ақ қала әкімі достық пен бірліктің арқасында алматылықтар қиындықтарды сәтті жеңе алатынына сенім білдірді.

«Қала тұрғындарын Бірлік күнімен құттықтаймын! Адамдар арасындағы ынтымақтың, жарасымды татулықтың өзектілігін сипаттайтын бұл күннің маңызы қазір ерекше. Достық пен келісімнің арқасында көптеген сын-қатерді еңсердік. Қазір де бірлесіп жеңетінімізге сенемін», - деп жазды Б. Сағынтаев Twitter-дегі парақшасында.

Еске сала кетейік, 1 мамырда Қазақстан халқының бірлігі күнін мерекелеу туралы Жарлыққа Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 1995 жылғы 18 қазанда қол қойған болатын.

Соңғы жаңалықтар