– Бұл мереке достық, түсіністік пен келісімнің символына айналды. Біздің ортақ игілігіміз бен символымыз «Әралуандықтағы бірлік» формуласында көрсетілген этностар арасындағы келісім болып табылады. Қазақстан халқы Ассамблеясы елдегі бейбітшілік пен келісімді дамытуға, сақтауға және нығайтуға өз үлесін қосуды көздейді. Биыл біздің республикамыздағы бірегей институтқа 25 жыл толып отыр. Қауымдастық Қазақстанның балалар үйінің барлық мұқтаж түлектеріне белсенді көмек көрсетуін жалғастыруда. Бүгінгідей қиын кезеңде ел үшін жеке жауапкершілікпен қатар әлеуметтік ынтымақтастық маңызды. Коронавирус індетімен күресу – азаматтардың пандемияға қарсы тұрудағы бірлігі мен ұйымшылдығын көрсетті. Сондықтан ел игілігі үшін жасалып жатқан қайырымдылық акциясы ТЖ барлық кезеңінде жалғасады. Біз қазақстандықтарға шыдамдылық, сабыр, денсаулық және бақыт тілейміз. Әрбір этнос өзінің мәдениеті, өзіндік ерекшелігімен ерек. Әрбір этнос өкілінің тілі бөлек болғанымен, тілегі бір, түрі бөлек болғанымен – жүрегі бір. Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймын, – деді Қазақстан балалар үйі түлектерінің қауымдастығы» ЗТБ Қамқоршылық кеңесінің мүшесі, «Нұр Отан» партиясының мүшесі, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Вакиль Набиев.
Қазақстандағы «Барбанг» күрдтер қауымдастығының вице-президенті, Қауымдастықтың Алматы филиалының жетекшісі Вакиль Набиев ел тұрғындарын Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтай отырып, қиын сәтте жұдырықтай жұмылып, бірге болуға шақырды.
Бүгін елімізде ауа райы қандай болады
Ауа райы • Бүгін, 10:40
Жамбыл облысында прокуратура қызметкері ұсталды
Қылмыс • Бүгін, 10:06
Ақтөбе облысында жол апаты болып, бір адам қайтыс болды
Аймақтар • Бүгін, 09:22
70 шақырымды еңсерген велошабандоз
Оқиға • Кеше
Белгілі «Яшлык» ансамблі 50 жылдық мерейтойын атап өтті
Мәдениет • Кеше
Алматыда Қазақстан мен Ресей волонтерлік ұйымдарының слеті өтті
Волонтер • Кеше