Аймақтар • 01 Мамыр, 2020

Көлік комитетінің төрағасы қазақстандықтарды мерекемен құттықтады

408 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитетінің төрағасы Самат Гилимов барша қазақстандықтарды айтулы мерекемен құттықтады.

Көлік комитетінің төрағасы қазақстандықтарды мерекемен құттықтады

  – Баршаңызды 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі мерекесімен құттықтаймын! Бір шаңырақтың астындағы халқымыздың достығы мен өзара түсіністігі одан әрі жалғасып, еліміздегі ұлтаралық татулық пен ынтымақ әрдайым берік болып, бірлігіміз жасай берсін! Бұл күн - әрбір адам үшін Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімнің, азаматтық борыш пен жалпы ұлттық келісімнің мерекесі! Бүкіл әлемге таралған індет біздің елімізге де оңай тиген жоқ. Осындай басымызға түскен сынақтан сүрінбей өтіп, бір-бірімізге демеу болып, достығымыз бен бірлігімізді одан әрі арттыра түсеміз деп сенемін. Бүгінгі күні жұқпалы індеттің қауіптілігіне қарамастан алдыңғы шепте медицина мен полиция қызметкерлері және көліктік бақылау органдарының мамандары өз үйлері мен бала-шағаларынан бұрын халықтың денсаулығы мен елдің амандығы үшін күресіп келеді. Осындай қиын-қыстау кезеңде темір жол, теңіз және автомобиль көлігінде жолаушыларға көмек қолын созып, отбасына оралуына жәрдемдесуде.  «Бірлік бар жерде - тірлік бар» деген сөзді дана халқымыз тегіннен-тегін айта салмаса керек. Ауызбірлік пен түсіністік, қарапайым сыйластық үстемдік құрған жерлерге қашанда нәтижелі істердің берекесі болатыны белгілі.  Қазақстан халқы өркен жайып, мемлекетіміз – молшылыққа, әрбір шаңырақ бақыт пен шаттыққа кенелсін! Сіздерге бақыт, зор денсаулық, еңбектеріңізге табыс тілеймін. Бейбіт өмірдің берекесі, халқымыздың ынтымағы мен бірлігі арта берсін, – дейді Самат Гилимов.