Аймақтар • 01 Мамыр, 2020

Алматы: Кеше 114 адамның індет жұқтырғаны анықталса, бүгін 89 оқиға тіркелді

293 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда бүгінгі сағат 14.00-дегі эпидемиологиялық жағдай бойынша, коронавирустық инфекцияны жұқтырудың расталған 1140 жағдайы тіркелді.

Алматы: Кеше 114 адамның індет жұқтырғаны анықталса, бүгін 89 оқиға тіркелді

Кеше жаңадан 114 адамның індет жұқтырғаны анықталса, бүгін түске дейін 89 оқиға тіркелді.

Олардың 16-сы провизорлық стационарда карантиндегі вирусы бар адаммен байланыста болғандар, 4-уі Мәскеу­­–Ақтөбе–Алматы рейсімен ұшып келгендер, олар ұшып келген соң стационарда карантинде болды және қалғандар тестілеу нәтижесінде вирусы жаңадан анықталғандар.​

Олармен байланыста болған барлық адамдар табылды және провизорлық госпитальдарға карантинге орналастырылды.

Бүгін инфекциялық стационарларда 1015 адам емделіп жатыр, оның ішінде 39-ы бала.

Екі адамның жағдайы – өте ауыр, 27 адамда – ауыр, 208 адамда – халі орташа болса, қалғандарында – қанағаттанарлық.

Провизорлық госпитальдарда 395 адам, карантиндік оқшаулауда 366, үйде 11846 адам бар.

Өткен тәуліктерде Алматыда 15 науқас коронавирустық инфекциядан сауығып, ауруханадан шықты. Оның ішінде Орталық қалалық клиникалық аурухананың 10 медицина қызметкері, 4 Балалар клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасының қызметкері және бір әйел вирусы бұрын анықталған науқаспен байланыста болған 1964 жылы туылған пациент бар.​

1964 жылы туылған бұл пациент 2 сәуірден бастап емдеуде болған.

Қалған пациенттерді емдеу орта есеппен 16-18 күнге созылды.

 

 

 

АЛМАТЫ