Аймақтар • 01 Мамыр, 2020

Жол саласына қандай маман керек?

644 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Білігі жоғары маман болса, тақтайдай тегіс әрі сапалы жол салу қиын емес. Десек те, бұл салада мамандар шоғыры жеткілікті ме? 

Жол саласына қандай маман керек?

«Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» РМК Атырау облыстық филиалы директорының міндетін атқарушы Жантас Шариповтің айтуынша, елімізде жол салушы мамандарға сұраныс әлі толық қамтылған жоқ. Ол бұл туралы мектеп мектеп  түлектерімен  ZOOM және WhatsApp желісі арқылы онлайн кездесу өткізіп, кәсіби бағыт-бағдар беру кезінде айтты.

– Қазақстанда жол құрылысы жыл сайын қарқын алып келеді. Демек, осы салаға жол шеберлері мен инженерлер, зертханашылар, асфальтбетон төсеушілер, автогрейдершілер мен механизаторлар, қайта өңдеушілер, арнайы техниканы жүргізушілер, геодезистер, картографтар, метеорологтар, механиктер, токарьлар, дизайнерлер, тіпті ғалымдар да ауадай қажет, -дейді Жантас Шарипов.

Оның айтуынша, елімізде жылма-жыл  мыңдаған шақырым республикалық және жергілікті маңызы бар автомобиль жолы салынып жатыр. Кейбір жол бөліктеріне қайта  жөндеу жүргізіледі. Қазір жол саласындағы жұмыс процесі толықтай автоматтандырылған.

Ал жол сапасын тексеретін орталық жылжымалы зертханалармен, заманауи қондырғылармен қамтылған. Бұл жолды сапалы және жылдам зерттеу жұмыстарын жеңілдетіп отыр.

 

Атырау облысы