Қауіпті індетті жұқтыру қаупі бар топқа шетелге шығатын тұлғалар, Ішкі істер және Қорғаныс министрліктерінің, Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаменттерінің, шұғыл көмек көрсететін қала мен аудан әкімдіктерінің қызметкерлері, Ұлттық Ұлан өкілдері жатады. Тегін тесттен аймақтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдар мен әлеуметтік мекемелердің, БАҚ-тың өкілдері мен инфекциялық, провизорлық және карантиндік стационарлардың медициналық қызметкерлері де өтеді.
– ПТР және экспресс-тесттер инфекцияны жұқтыру қаупі бар топқа жататын адамдар үшін бюджет есебінен сатып алынды. Алдыңғы шепте жұмыс істеп жүрген қызметкерлер 17 сәуірден бері осындай тесттен өткізілуде. Қазірге дейін Атырау облысының мыңға жуық тұрғынынан сынама алынды. Ал қалған бөлігін жақын арада өткізу жоспарланып отыр, - деп хабарлады өңірлік жедел штабтан.
Сондай-ақ, өңірдің барша тұрғынына «Олимп» зертхана желісінде ПТР-тесттен ақылы түрде өтуге мүмкіндік беріліп отыр.