Президент • 02 Мамыр, 2020

Президент: Әкем соғыс туралы айтқысы келмейтін

248 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы «МИР» телеарнасына берген сұхбатында Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан әкесі туралы айтып берді.

Президент: Әкем соғыс туралы айтқысы келмейтін

«Әкемнің бала кезінен тағдыры қиын болды. Ерте жастан жетім қалды. Балалар үйінде, кейінірек интернатта тәрбиеленді. Көп уақыт өтпей соғыс басталды. Соғыс ол үшін тағы да батылдық пен төзімділіктің сынағы болды деп айтуға болады. Ол соғыста көп қиындықты басынан өткерді. Әйтсе де қорқыныш пен қайғы-қасіретті жеңе білді», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Оның айтуынша, әкесі басқа майдангерлер сияқты соғыс туралы, өзінің ерлігі мен марапаттары туралы айтуды ұнатпаған.

«Әкем жаумен алғаш бетпе-бет келуі, жауынгерлердің ерлігі, батырлығы және Жеңіспен үйге оралуы жайлы өзінің «Солдат соғысқа кетті» атты өмірбаяндық кітабында жазған», - деді Президент.