Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі өткізіп келе жатқан дәстүрлі брифингтің бұл жолғы тақырыбы мұнай-газ саласына арналды. Аталған шараға еліміздегі мұнай-газ саласын дамыту және осы саладағы биылғы жылдың сегіз айының қорытындылары жайлы баяндау үшін Мұнай және газ министрі Ұзақбай Қарабалин келді.
Биылғы жылдың 8 айлық көрсеткіші бойынша мұнай және газ конденсатын өндіру 47,4 миллион тонна болған. Бұл өткен жылға қарағанда 102,1 пайызды құраған. Сондай-ақ, осы мерзімдегі көрсеткіш бойынша отандық 3 МӨЗ-де шикі мұнай өндіру өткен жылға қарағанда 8,14 миллион теңгені құрап, жүз пайызды көрсеткен. 2013 жылғы 8 айдағы мұнай және газ конденсанты экспортының көлемі 47,8 миллион тонна.

Әлеуметтік бағдарламаларды орындау шеңберінде министрлік ауылшаруашылық тауарларын өндірушілер үшін арзандатылған дизель отынын жеткізуді қамтамасыз еткен. Сөйтіп, күзгі дала жұмыстарын жүргізуге тоннасы 93975 теңге болатын 410,0 мың тонна дизель отыны бөлінген.
Елімізде әлемдік деңгейдегі мұнай-химия кешендерін құру көмірсутек шикізатын кешенді және терең өңдеу арқылы экономиканы әртараптандырудың негізгі бағыттарының бірі. Қазіргі таңда 2010-2014 жылдарға арналған еліміздің үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы мен Мұнай және газ министрлігінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары аясында әлемдік деңгейдегі мұнай-химия өндірістерін құру бойынша инвестициялық жобалар іске асуда.
2013 жылдың қаңтар-тамыз айларында республикада газ өндіру 27,7 миллиард текше метр болса, бұл өткен жылғы деңгеймен салыстырғанда, 103,5 пайызды құрап отыр. Ал тауарлық газ өндіру көлемі 15,2 миллиард текше метр болған. Облыстардың табиғи газды тұтыну көлемі 6,6 миллиард текше метрді құраған.
Еліміздің газ экспортының көлемі 5,03 миллиард текше метрді көрсетсе, республика аумағы арқылы 64,3 миллиард текше метр көлемінде газ транзиті жүзеге асырылған. 1,6 миллион тонна сұйытылған көмірсутегі газы өндірілген.
Жер қойнауын пайдаланушылардың газды кәдеге жарату жөніндегі бағдарламаларын іске асыру барысында газ алауларында жағылатын газ көлемі 0,6 миллиард текше метр болса, үстіміздегі жылдың 15 қыркүйегіне дейінгі жағдай бойынша республиканың жерасты газ қоймаларында табиғи газ қорының көлемі 0,94 миллиард текше метрді құраған.
Әбдірахман ҚЫДЫРБЕК,
«Егемен Қазақстан».