Коронавирус • 03 Мамыр, 2020

COVID -19: Елжан Біртанов дәрігерлерге алғыс білдірді

182 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылорда облысында 30 жастағы науқас коронавирустан емделіп шықты. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Facebook парақшасында жазды.

COVID -19: Елжан Біртанов дәрігерлерге алғыс білдірді

«Достар, қуанышты жаңалықпен бөліскім келеді! Бүгін стационардан COVID -19 індетіне шалдыққан 1000-шы науқас емделіп шықты. Ол Қызылорда облысында емделіп жатқан 30 жастағы адам. Ол Қызылорда облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына 16 сәуірде коронавирус инфекциясын жұқтырған адаммен байланыста болғандықтан түскен болатын. Оның жағдайы орташа ауыр болған. Дене қызуы 38 градусқа дейін көтеріліп, құрғақ жөтел және әлсіздік білінді. Оның өкпесін рентгенге түсірген кезде сол жақ өкпесінің интерстициалды қабынуы болғаны анықталды», - деп жазды Елжан Біртанов.

Министрдің айтуынша науқасқа «COVID-19 коронавирус инфекциясы, сол жақ өкпенің қабынуы, орташа ауыр деңгей» диагнозы қойылған.

«COVID-19-ды емдеу және диагностикалау протоколына сәйкес ем-дом жүргізілді. Емделгеннен кейін араға 24 сағат салып екі рет коронавирусқа зертхана тексеру жұмысы жүргізілді. Тест нәтижесінде коронавирустан емделгені анықталды. Стационардан шығар кезде ешқандай шағымы болған жоқ. Дәрігерлер оны 21 күн үйде карантинде отыру ұсынымымен шығарды. Мен алдыңғы шепте жүрген дәрігерлерге алғыс айтқым келеді. Жарайсыздар! Рахмет!», - деп жазды министр.

Соңғы жаңалықтар

Тазалыққа жұмылған жұрт

Аймақтар • Бүгін, 22:30

Сан қырлы қаламгер

Қоғам • Бүгін, 22:20

Жанған хаттан жазу оқыған

Таным • Бүгін, 22:00

«Мона Лиза» көшіріле ме?

Мәдениет • Бүгін, 21:45