Жаңа жағдайлар – 38. Оның ішінде үш науқас үй ошағында, қалғандары вирус жұқтырған науқаспен байланыста болғандар.
Вирусы жаңадан расталған адамдармен байланыста болғандар анықталды және карантинге орналастырылды.
Жұқпалы аурулар стационарларында Covid-19 вирусынан бүгінгі күні 1111 пациент емделуде.
2 адамның жай-күйі өте ауыр, 25 адамда – ауыр, 263-інде ауырлықтың орташа дәрежесінде және қалғандарында – қанағаттанарлық.
Кешегі күні Алматыда коронавирустық инфекциядан 30 адам және бүгін 17 адам сауығып емдеуден шығарылды.
Мегаполисте тәулігіне емдеуден шығарылғандар саны 47 адамды құрайды.
Бүгін Орталық қалалық клиникалық аурухананың 9 медицина қызметкері және вирус жұқтырған адаммен байланыста болған 8 адам, кеше Орталық қалалық клиникалық аурухананың 15 медицина қызметкері, 1 санитарлық дәрігер, 2013 жылы туған 2 бала, №17 қалалық емхананың 1 медицина қызметкері және вирус жұқтырған адаммен байланыста болған 11 адам емдеуден шығарылды.
Қазіргі уақытта Алматыда жалпы 159 науқас емдеуден шығарылды.