Әлем • 04 Мамыр, 2020

Польша пошта арқылы президенттік сайлау өткізбек

129 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Польша пандемияға қарамастан, президент сайлауын жоспарланған уақыт бойынша өткізуге дайындалуда. Бұл туралы euronews.com хабарлады.

Польша пошта арқылы президенттік сайлау өткізбек

Оппозиция мен құқық қорғаушылардың шақыруына қарамастан, Польша үкіметі коронавирус пандемиясы жағдайында 10 мамырда пошта арқылы өтуі тиіс президенттік сайлаудың дауыс беру күнін ауыстырудан бас тартты. Бақылаушылар қазіргі Президент Анджей Дудқа сайлаушылардың 60% - ға жуығы қолдауға дайын екенін атап өтті. Мемлекет басшысы лауазымына алты кандидат үміткер.

«Құқық және Әділеттік» басқарушы партиясының көшбасшысы Ярослав Качиньскийдің тапсырмасы бойынша дайындалған пошта арқылы сайлау өткізу рәсімін Польша сеймі сәуір айының басында мақұлдады. Жақын күндері қашықтан дауыс беру туралы заң жобасын сенат қарауы тиіс. Польшаның Премьер-министрі Матеуш Моравецкий сырттай сайлау қауіпсіз екенін мәлімдеп, сенаторларды бұл ұсынысты қолдауға шақырды.

Пошта арқылы дауыс беруге елдің бұрынғы президенттері мен премьерлері қарсы екенін айтуда. Еурокомиссия Польшада сайлаудың еркін және адал өтетінін күтетіндігін атап өтті.

«Егер мен Польшаның азаматы болсам, онда менің сұрақтарым көп болар еді. Себебі, мен әділетті түрде дауыс беруге қол жеткізгім келеді. Кандидаттар сайлау алдындағы науқанды қолайлы уақытта өткізгенін қалайтын едім»,- деді Еурокомиссия басшысының орынбасары Вера Йоурова.

Сондай-ақ соңғы әлеуметтік сауалнама мәліметтері бойынша, 10 мамырда сайлау өткізілген жағдайда халықтың 30% - дан кемі дауыс беруге жиналады.