Үздіктер көшін Сергей Федоров бастады. 50 жастағы Псков қаласының тумасы 1990-2009 жылдары «Детройт», «Анахайм», «Коламбус» және «Вашингтон» клубтары сапында өнер көрсетті. ҰХЛ-да барлығы 1248 кездесу өткізген ол 1179 ұпай жиды. Үш рет Стэнли кубогын жеңіп алып, алты мәрте «Жұлдыздар матчында» ойнады. Ол ҰХЛ тарихындағы ең әйгілі 100 хоккейшінің тізіміне енді.
Даңқты Сергей Федоровтан бөлек, Александр Овечкин, Александр Могильный, Павел Буре, Павел Дацюк, Сергей Зубов, Евгений Малкин, Игорь Ларионов, Илья Ковальчук және Сергей Гончар сынды саңлақтар осы тізімде үздік ондықтың қатарынан көрінді.