Аймақтар • 04 Мамыр, 2020

Атырау: Құрылыс нысандары қатаң бақыланады

542 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау облысында салынып жатқан кейбір құрылыс нысандарының сапасы талапқа сай емес. Бұл туралы облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов мәлім етті.

Атырау: Құрылыс нысандары қатаң бақыланады

Әкімнің пікірінше, енді құрылыс нысандардың сапасы мен қауіпсіздігіне, жобалау-сметалық құжаттама дайындау кезіндегі бұзушылықтарға назар аударылады. Өйткені, мұндай кемшіліктер орын алса,  құрылысты жүргізу мерзімі созылады. Тіпті бастапқы жоспарларды өзгертуге  тура келеді. 

Облыстық құрылыс басқармасының басшысы Мәлік Амановтың мәліметіне сүйенсек, қазір өңірде 62 нысанның құрылысы жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ  44 нысанның жобалау-сметалық құжаттамасы жасалыпты.  Биылғы бірінші тоқсанда мәдениет үйі, балабақша, оқушылар мен жастар сарайы, жатақхана секілді  тоғыз  нысан пайдалануға берілді. Енді екінші тоқсанда сегіз нысанның құрылысын аяқтау жоспарланып отыр.  

–Нысандар уақытылы  тапсырылуы тиіс. Салынған нысандардың сапасына көңіл бөлінуі керек. Ешқандай сын көтермейтіндері  бар. Бәрі емес әрине, бірақ, мұндай деректердің бары рас. Атырау қаласы мен аудандардың әкімдеріне әлеуметтік нысандардың құрылысын бақылауды тапсырамын,- деді  облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов.