20 Қыркүйек, 2013

Танкистер «шабуылға шықты»

337 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы облысындағы «Көктал» полигонында батальондық-тактикалық жаттығу өтті. Оған Құрлық әскерлері танк бөлімшелерінің әскери қызметшілері қатысты.

Жаттығу барысында бөлімше шабуылға дайындық шараларын жүзеге асырды, Т-72 танкісінің штаттық снарядтарымен жауынгерлік атыстардың, сондай-ақ артиллериялық қарудан тактикалық іс-қимылдарын пысықтады. Атыс жүргізу, маневр жасау тактикалық іс-қимылдары кезінде бөлімшенің жеке құрамы ұйымшылдық таныта білді.

Батальондық-тактикалық жаттығудың жалғасы әскери қызметшілердің тұрғылықты орнына 200 шақырымдық марш жасауымен аяқталды.

Өткізілген жаттығу бригаданың жазғы оқу кезеңінің аяқталғандығынан хабардар етті. Далалық жаттығуларды өткізу кезінде жеке құрамның жауынгерлік даярлығын арттыратын, бөлімшелер арасындағы өзара іс-қимылды пысықтайтын маңызды тапсырмалар жүзеге асырылды.

«Егемен-ақпарат».