Қазақстан • 04 Мамыр, 2020

Құрылыс және ТКШ саласындағы жаңа заңнаманы жүзеге асыру тетіктері әзірленді

247 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

2020 жылдың 7 қаңтарынан бастап «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңы күшіне енді.

Құрылыс және ТКШ саласындағы жаңа заңнаманы жүзеге асыру тетіктері әзірленді

Осы заңды іске асыруға ИИДМ бірқатар нормативтік құқықтық актілер қабылдады/қабылдауда (14 жаңа НҚА, 6 НҚА өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, 10 НҚА, Үкіметінің 3 қаулысы, 17 бұйрық бекітілді), деп хабарлады ИИДМ баспасөз қызметі.

ИИДМ қабылданған Заңды жүзеге асыру бойынша аса маңызды аспектілерді қамтитын 17 инфографика әзірледі.

  1. Мүлік иелерінің бірлестігін немесе жай серіктестік құру.
  2. Мүлік иелері бірлестігінің үлгі жарғысы.
  3. Жай серіктестіктің бірлескен қызмет туралы үлгі шарты.
  4. Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін басқару және күтіп ұстау құрылымы.
  5. Кондоминиум объектісін басқару және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау жөнінде шешімдер қабылдау қағидалары.
  6. Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау ережесі.
  7. Коммуналдық қызметтер көрсетудің үлгілік қағидалары.
  8. Коммуналдық қызметтер көрсетудің үлгілік қағидалары (2).
  9. Электрондық нысанда ақпарат қалыптастыру, өңдеу, сондай-ақ орталықтандырылған түрде жинау және сақтау, оның ішінде тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы ақпараттандыру объектілерінің жұмыс істеу қағидалары.
  10. Кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстар сметасын есептеу әдістемесі.
  11. Кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың ең аз мөлшерін есептеу әдістемесі.
  12. Тұрғын үй инспекциясы туралы үлгі ереже.
  13. Кондоминиум объектісін басқару және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау бойынша қызметтер көрсету туралы шарттың үлгі нысаны.
  14. ММИБ немесе жай серіктестік немесе КПТҮ басқарушысы немесе басқарушы компания және коммуналдық қызметтер көрсететін ұйымдар арасындағы ынтымақтастықтың үлгі шарттары.
  15. Елді мекендердің шекаралары шегінде тұрғын үй қорын басқару, газ және газбен жабдықтау салаларындағы өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде қауіпті техникалық құрылғыларды қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуы бойынша тексеру парақтарын және тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдері.
  16. ТҚК қызметін ұйымдастыру және ТҚК мүшелерінің пайлық жарналарға ақы төлеу қағидалары және ТҚК қатысу шартының үлгі нысаны, сондай-ақ ТҚК үлгі жарғысы.
  17. Жергілікті атқарушы органдардың ТҚК қатысу шарттарын тіркеу қағидалары.