Аймақтар • 04 Мамыр, 2020

Қазақстанның бірнеше аймағында ХҚКО жұмысы қайта жанданады

222 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтан қаласы мен Батыс Қазақстан, Қарағанды және Маңғыстау облыстары әкімдігінің жанындағы төтенше жағдай тәртібін қамтамасыз ету жөніндегі штаб шешімімен 4 мамырдан бастап осы аймақтарда ХҚКО жұмысы қайта жанданады.

Қазақстанның бірнеше аймағында ХҚКО жұмысы қайта жанданады

Алайда вирустың таралу қаупіне байланысты Халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс тәртібін өзгерту туралы шешім қабылданды.

Өзгерістер ХҚКО-да көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрлерін, оларды ұсыну форматын да қамтиды.

Енді қазақстандықтар ХҚКО-да электронды форматта қолжетімсіз, тек «қағаз» жүзінде көрсетілетін қызметтер мен egov.kz арқылы рәсімделген өтініштердің нәтижесін ала алады. ХҚКО-ға бару үшін 1414 байланыс орталығы немесе  немесе egov.kz сайтындағы арнайы сервис арқылы кезек уақытын алдына ала брондау қажет болады.  Бұл азаматтардың орталықтарда көптеп жиналуын болдырмайды және вирусты жұқтыру қаупін жояды, осы ретте қызмет алушылар да өз уақытын үнемдейді. Алдын ала брондаусыз еш қызмет көрсетілмейді.

Азаматтар электронды форматқа аударылған және egov.kz порталында қолжетімді барлық мемлекеттік қызметтің 80%-дан астамын тек өздігінен немесе бұрынғыдай ХҚО ғимараттарында емес, әкімдіктер жанындағы кеңселерде, оқу орындарында, медициналық ұйымдарда және т.б. жерде орналастырылатын өзіне-өзі қызмет көрсету секторларында ала алады.

Онлайн қызметтерді жылдам әрі ыңғайлы алу үшін азаматтар 1414 нөміріне хабарласа алады, онда ХҚО операторлары кеңес беретін болады. 

Айта кету керек, карантин жарияланғалы бері қазақстандықтар egov.kz электронды үкімет порталы, телеграмдағы eGovKzBot2.0 боты және eGovMobile мобильдік қосымшасы арқылы өз бетінше онлайн түрде 10.5 миллионнан астам мемлекеттік қызметті алған.