Қазақстан • 04 Мамыр, 2020

Пандемиямен күресте Қазақстанға iрі шетелдік инвестор қолдау көрсетпек

232 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазақстандағы ең ірі шетел инвесторларының бірі COVID-19 эпидемиясымен күресте шетте қалмай, өз үлесін қсып отыр.

Пандемиямен күресте Қазақстанға iрі шетелдік инвестор қолдау көрсетпек

Компанияның мәлімдеуінше, жаһандық The Coca-Cola Foundation қоры бөлген қаражаттың көп бөлігі Қазақстан Республикасының Денсаулық министрлігіне қолдау көрсетуге бағытталады.

«Әлеуметтік жауапты бизнес ретінде біз қоғамға қолдау көрсету ісінде шетте қала алмаймыз. Жаһандық The Coca-Cola Foundation қоры короновируспен күреске арнайы гранттар бөлген еді. ҚР Денсаулық министрлігімен бірлесе біз сол қаражатты қандай қажеттіліктерге бағыттау керектігін анықтадық. Бұл процесте бізге халықаралық «Қызыл крест» және «Қызыл жарты ай» қозғалысы көмектесетін болады. Бірлескен талқылаулар барысында гранттарды жеке қорғаныс құралдары мен короновирусты анықтайтын тесттерді сатып алуға және қиын жағдайға душар болған жандарға көмек көрсетуге жұмсау туралы шешім қабылданды», – деді Coca-Cola Icecek Kazakhstan компаниясының корпоративтік және реттеу қатынастары жөніндегі директор Әлима Исембаева.

Сонымен қатар, Coca-Cola медициналық мекемелер мен Қазақстандағы пандемиямен күреске жұмылдырылған басқа да қызметтерге белсенді түрді қолдау көрсетуін жалғастыруда. Бүгінгі таңда компания қайырымдылық шара түрінде 5 мың литрден астам өнімін таратып үлгерді, 1000 астам отбасыға гуманитарлық көмек көрсетілді. Компания өз бизнесін жалғастыруға, жұмыс орындарын сақтап қалуға және серіктестерін, жабдықтаушыларды, дистрибьюторлар мен сауда нүктелерді қолдау үшін  де бар күш-жігерін сала бастады.

Үкімет орнатқан қатаң шектеулер мен басқа да нарықтық қиындықтарға қарамастан, CCI-дың бір де бір өндіріс ошағы жабылған жоқ, олардың барлығы өз жұмысын жалғастыруда. Қазақстандағы екі зауыт, бірі Нұр-Сұлтанда, ал екіншісі Алматы облысында, барлық қауіпсіздік және гигиена стандарттарын қатаң сақтай отырып өз өнімдерін өндіруде. Әр қызметкер жеке қорғаныс құралдарымен жабдықталған, өндіріс жайлары әр сағат сайын дезинфекцияланады, қызметкерлерді тасымалдау ұйымдастырылған, ал ауысымдар саны қысқартылған. Дегенмен, қатаң карантин кейбір өзгерістер енгізуге мәжбүр етті.

Баршамыз куә болып отырғандай, қоғам үшін осы бір қиын қыстау кезеңде ірі компаниялар өз үлесін қосуда, ал «biz birgemiz» сөзі мағынасы жағынан кең ауқымда қолданыс тапты.

Соңғы жаңалықтар