20 Қыркүйек, 2013

Жалаулы жарыстар

231 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

ФУТБОЛ. Өткен аптаның соңында футболдан еліміз чемпионатының кезекті турлары ойналды. Премьер-лига ойындары мынадай нәтижелер әкелді: 14 қыркүйек. «Шахтер» (Қарағанды) – «Ақтөбе» (Ақтөбе) 0:1, «Астана» (Астана) – «Ертіс» (Павлодар) 4:2, «Жетісу» (Талдықорған) – «Ақжайық» (Орал) 0:3, «Тобыл» (Қостанай) – «Тараз» (Тараз) 2:0, «Атырау» (Атырау) – «Восток» (Өскемен) 1:0. 15 қыркүйек. «Ордабасы» (Шымкент) – «Қайрат» (Алматы) 1:2. Бірінші лига.

ФУТБОЛ. Өткен аптаның соңында футболдан еліміз чемпионатының кезекті турлары ойналды. Премьер-лига ойындары мынадай нәтижелер әкелді: 14 қыркүйек. «Шахтер» (Қарағанды) – «Ақтөбе» (Ақтөбе) 0:1, «Астана» (Астана) – «Ертіс» (Павлодар) 4:2, «Жетісу» (Талдықорған) – «Ақжайық» (Орал) 0:3, «Тобыл» (Қостанай) – «Тараз» (Тараз) 2:0, «Атырау» (Атырау) – «Восток» (Өскемен) 1:0. 15 қыркүйек. «Ордабасы» (Шымкент) – «Қайрат» (Алматы) 1:2. Бірінші лига.18 қыркүйек. «Каспий» (Ақтау) – ЦСКА (Алматы) 3:1, «Қайсар» (Қызылорда) – «Іле-Сәулет» (Өтеген батыр) 4:1, «Мақтаарал» (Жетісай) – «Астана-1964» (Астана) 2:3, «Қыран» (Шымкент) – «Гефест» (Қарағанды) 2:0, «Бәйтерек» (Астана) – «Қызылжар» (Петропавл) 0:1, «Болат-АМТ» (Теміртау) – «Оқжетпес» (Көкшетау) 1:2, «Ақбұлақ» (Талғар) – «Екібастұз» (Екібастұз) 2:0, «Сұңқар» (Қаскелең) – «Спартак» (Семей) 1:1.

ХОККЕЙ. Астананың «Барыс» командасы КХЛ-дың кезекті турында Омбының «Авангардын» қабылдап, 5:2 есебімен тізе бүктірді. Алаң иелерінен шайбаларды Брэндон Боченски, Роман Старченко, Талғат Жайлауов, Максим Спиридонов (2), қонақтардан Александр Фролов пен Никита Пивцакин түсірді. Бұл жеңіс астаналықтарды Шығыс конференциясы бойынша бірінші орынға шығарды.

ВОЛЕЙБОЛ. Қазіргі күндері Таиландта өтіп жатқан Азия біріншілігінің ширек финалында Қазақстан әйелдер құрамасы Оңтүстік Корея еліндегі құрбыларымен кездеседі. Осы матчта жеңіске жеткен команда медаль үшін сайысты жалғастырса, жеңілген ұжым 5-8 орындар үшін шайқасқа қосылады. Біздің қыздар бұған дейін топтық бәсекеде Таиланд және Австралия қыздарын 3:1 деген есеппен ұтып, плей-оффта Вьетнамды тізе бүктіріп (3:0), жапондардан жеңіліп қалған (1:3) болатын.

«Егемен-ақпарат».