20 Қыркүйек, 2013

Қылмыскер... полицейлер

405 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

«Нұр Отан» ХДП Қостанай облыстық филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі қоғамдық кеңес отырысында облыстық ішкі іс­тер департаменті мен оның бө­лім­шелерінде 2011-2012 жылдары және биылғы 7 айдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жұ­мыс­тарының барысы қаралды.

«Нұр Отан» ХДП Қостанай облыстық филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі қоғамдық кеңес отырысында облыстық ішкі іс­тер департаменті мен оның бө­лім­шелерінде 2011-2012 жылдары және биылғы 7 айдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жұ­мыс­тарының барысы қаралды.Көпшілік полицейлерді тәртіп сақшылары деп біледі. Дегенмен, полицейлердің қызмет бабын «бармақ басты, көз қысты» әрекетке пайдалануы және тәртіп бұзуы былай тұрсын, ірі қылмыстарға жол беруі оларға қатысты қоғамның, адамдардың тыныштығын күзететін, мемлекет мүддесіне адал жандар деген тү­сі­нікті жоқ қылғандай болады. Мә­селен, үстіміздегі жылдың 7 айын­да полицейлер жасаған 8 қыл­мыс­тық істің алтауы сотқа жібе­ріл­ген. Олардың барлығына сыбай­лас жемқорлыққа байланысты кінә тағылып отыр. Өткен жылы осы мерзімде мұндай 5 қылмыс қаралған екен. Осылайша жылдан жылға полицейлердің қылмыс жасауының азаймауы жұртшылықты алаңдатып отыр. Бұған дәлел өте көп.

Соның бірі Қостанай қала­сы­ның мамандандырылған аудан­ара­лық қылмыстық соты есірткі бизнесі және қылмыстық полиция бөлімшесінің 10 полицейіне қа­тысты істі қарап жатыр. Олар облыс көлемінде аса ірі көлемде героинді сақтап, таратып отырған. Мұны биылғы ең «дабырлы» істің бірі деп айтуға болады. Сондықтан да болса керек, Қостанай облысы ІІД өзіндік қауіпсіздік басқармасының бастығы Ж.Ақбердиев полицейлердің есірт­кімен байланысты қылмыстық ісін терроризммен қатар қоюға болатынын жасырмай айтты. Соған сәйкес сыбайлас жемқорлығы үшін 34 басшы полицей жазасын алды. Өздері жол ережесін бұзғаны үшін 105 полицей заң алдында жауап берді. Тәртіптік кеңесте полицияның 21 қызметкеріне қатысты 7 іс қаралған. Алайда, полицейлердің айлық жалақысы айтарлықтай көтерілсе де, олардың арасында пара алу, қылмысқа бару оқиғалары тыйылмай отыр. Ал олардың тәртіп бұзуы мен қылмысқа бейім тұруы мемлекет пен қоғамның болашағына қатер төндірері анық.

Нәзира ЖӘРІМБЕТОВА,

«Егемен Қазақстан».

ҚОСТАНАЙ.