Үкімет • 04 Мамыр, 2020

Асқар Мамин Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің жаңа басшысын таныстырды

49 рет көрсетілді

Премьер-Министр Асқар Мамин Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің ұжымына жаңа министр – Аида Балаеваны таныстырды. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.

Үкімет басшысы бұрынғы министр Дәурен Абаевқа атқарған жұмысы үшін алғыс айтып, жаңа қызметінде табыс тіледі.

Асқар Мамин жаңа министрді таныстыра отырып, Аида Балаеваның ақпарат және ішкі саясат саласындағы 20 жылдық жұмыс тәжірибесін атап өтті. Түрлі жылдары ол Алматы қаласының ішкі саясат департаментінің директоры, Астана қаласы әкімінің орынбасары, Президент Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарған.

Осыған дейін Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Президент Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі лауазымын атқарған.

Соңғы жаңалықтар

218 адамның ахуалы нашар

Медицина • Кеше

Ұқсас жаңалықтар