Облыстағы егіс жұмыстарына 400 ауылшаруашылық өнімін өндірушілер мен 200 мыңға жуық адам тартылады деп жоспарланып отыр. 5,3 мыңнан астам трактор, 1,5 мың тұқым себуші және 93 егін егу техникалары іске толықтай дайын.
Облысқа 9 мың тонна дизель отыны бөлінді. «ҚазАгро» ҰБХ, сондай-ақ МҚҰ қаржы институттары айналымдағы қаражатты толықтыру мақсатында аймақтағы фермерлердің жеңілдетілген несие алуға өтінімін мақұлдады. Қазіргі уақытта фермерлер 1,3 млрд теңге алды.