Елорда • 04 Мамыр, 2020

Елорданың ҚХА карантин кезінде қайырымдылық акциясын жалғастыруда

238 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қайырымдылық керуені» акциясын Әзербайжан мәдени орталығы қолдады, деп хабарлады елорда әкімдігінің баспасөз қызметі.


Елорданың ҚХА карантин кезінде қайырымдылық акциясын жалғастыруда

Қазақстан халқының бірлігі күні «Хазар» әзербайжан мәдени орталығы аз қамтылған отбасылар, тыл ардагерлері, көп балалы аналар мерекені сезінуге мүмкіндік алуы үшін 20 отбасына мерекелік азық-түлік таратты. Азық-түлік себетінде әзербайжан тағамы – шах-палау және азық-түлік өнімдері бар, деп хабарлайды қала әкімдігі жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі.

«Төтенше жағдай мен карантин режиміне байланысты қазақстандықтардың көбі жұмыссыз. Дәл осы қиын-қыстау кезде біз бір-бірімізге жәрдемдесіп, көмек қолын созуымыз керек. Қазақстан халқы Ассамблеясының «Хазар» әзербайжан мәдени орталығы мен «Sahil» мейрамхана кешені де қайырымдылық шараларынан тыс қалмады. Азық-түлік себеті мен жеке гигиена заттарынан бөлек, мейрамханамыз Қазақстн халқының бірлігі күніне орай әзербайжан асханасының басты тағамы – шах палау дайындады. Бұл мерекелік тағам бүгін көмекке мұқтаж отбасылардың дастарханында болғанын қаладық. Қазір бүкіл әлем індетпен күресуде. Оның ішінде Қазақстан да бар. Біздің күшіміз – бірлікте! Біз біргеміз!», – дейді ҚХА мүшесі, «Хазар» әзербайжан мәдени орталығының өкілі Сайяф Исмаилов.

Акция ұйымдастырушылары тізімге сәйкес мерекелік сыйлықтар таратты. Елордалық ҚХА меценаттары мұқтаждарға үнемі көмек көрсетеді.


4