Президент • 05 Мамыр, 2020

Қазақстанды мықты мемлекетке айналдыруымыз керек – Президент

5221 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Egemen Qazaqstan» газетіне берген «Еліміз бұл қиындықтан шыңдалып шығады» атты сұхбатында айтты.

Қазақстанды мықты мемлекетке айналдыруымыз керек – Президент

«Әйгілі француз ойшылы Жан-Жак Руссо «Мықты мемлекет қана өз азаматтарының еркіндігін қамтамасыз ете алады» деген екен. Халқымыздың тұрмыс сапасын жақсарту үшін Қазақстанды мықты мемлекетке айналдыруымыз керек. Бұл ретте «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» формуласын берік ұстануымыз қажет», - деді Президент.

Мемлекет басшысы қиындықтарды еңсеруге әрдайым дайын болуымыз керек екенін атап өтті.

«Әлемде түрлі үрдістер қалыптасуда. Бірақ соның бәрі бірдей ұлттық мүддеге сай келе бермейді. Негізгі қауіп-қатерлер алда. Сондықтан қырағылық сақтай отырып, қиындықтарды еңсеруге әрдайым дайын болуымыз керек», - деді Қ. Тоқаев.