Кеше Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қайрат Мәми Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің елшісі Кэролин Браунды қабылдады, деп хабарлады Парламент Сенатының баспасөз қызметі.

Жүздесушілер Қазақстан–Британия ынтымақтастығының ауқымды мәселелері бойынша пікір алмасты. Биылғы шілде айында Ұлыбритания Премьер-министрі Дэвид Кэмеронның Қазақстанға алғашқы мемлекеттік сапары және екі мемлекет басшыларының Стратегиялық әріптестік туралы бірлескен мәлімдемеге қол қоюының тарихи маңызы атап өтілді. Бұл тұрғыда парламентаралық өзара іс-қимылдың, ең алдымен, екі мемлекет парламенттеріндегі ынтымақтастық топтары бойынша, сондай-ақ, халықаралық форумдар аясында да әлеуеті зор.
Қ.Мәми атап өткендей, біздің еліміз британдық бизнестің қазақстандық экономиканы әртараптандыру, жоғары технологиялық және экспортқа бағдарланған өндірісті дамыту бойынша жобаларына әрқашан қолдау білдіреді.
К.Браун Қазақстан Парламентіне Қазақстан аумағы арқылы әскери мүлік пен персоналдың транзитін қамтамасыз ету туралы үкіметаралық келісімді уақтылы ратификациялағаны үшін алғыс білдірді.