Жуырда қаладағы Амангелді Иманов атындағы көшенінің кеңейтілу жұмыстарымен, атауы біртүрлі Затон шағын ауданында салынып жатқан қазақ мектебінің құрылысымен танысты.
Облыс әкімі Достық шағын ауданындағы тұрғын үй құрылысының жұмыс барысын аралап көрді. Мәселе-тұрғын үй құрылысының қаланың бас жоспарына сәйкес еместігі, шағын ауданда біркелкі сәулеттік бейненің болмауында.Тіпті, салынып біткен тұрғын үйдің бағасы нарықтық бағадан біршама жоғары болғаны, келешекте несиелік үйді алатындар үшін қиын болатыны да тағы бір мәселе.
- Бізге құрылыс мәдениетін жоғарылату керек. Бүгін тұрғын үй құрылысы саласында сұрақтар көп,-деді Әбілқайыр Сқақов өңірдің бас сәулетшісі Нұрлан Қақамбетовке.
Сондай-ақ, Дачный шағын ауданындағы аулаішілік аумақ жобасына назар аударды. Бұл жерде балалар алаңын және спорт, мини-футбол алаңдарын орнатып, саябақ пен көлік қоятын орындарды түзетіп, ағаштар отырғызылуда.
– Ағаш отырғызу жұмыстары бойынша жергілікті экологтармен кеңесу керек, - деді облыс әкімі. –Аулалардағы ағаштар санын белгілі көрсеткіш шығаруымыз керек. Жоспарланған жұмыстарды орындамас бұрын, жергілікті тұрғындармен кеңесіп, іске кіріскен жөн.
Сонымен қатар, Дачный шағын ауданында жылу жүйесінің құрылысы басталды. Жаңа желінің ұзындығы 1,9 мың метрге жуық. Желіні «Нұрай Строй» ЖШС құрылыс компаниясы жүргізуде.
Облыс басшысына «Шахмат үйін» жөндеу бойынша жобасы, «Жұмыспен қамтудың жол картасы» аясында балалар-жасөспірімдер спорт мектебін қалпына келтіру жоспары таныстырылды.
Павлодар облысы