21 Қыркүйек, 2013

Ақпараттар ағыны

256 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

* Жылдың соңына дейін 484 млрд. теңгенің 112 жобасы тапсырылады.Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Инвестициялар бойынша комитет төрағасының орынбасары Сергей Карплюктің айтуынша, бұл 12 мың тұрақты жұмыс орнын қамтитын болады.

* Жылдың соңына дейін 484 млрд. теңгенің 112 жобасы тапсырылады.Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Инвестициялар бойынша комитет төрағасының орынбасары Сергей Карплюктің айтуынша, бұл 12 мың тұрақты жұмыс орнын қамтитын болады.

*Еңбек министрлігі 2014 жылы әлеуметтік тапсырыс аясында үкіметтік емес ұйымдарға 800 млн. теңге бөледі. Ведомство басшысы Тамара Дүйсенова биыл бұл салаға 715 млн. теңгенің берілгенін де айтып өтті.

*Тамызда ірi және орта кәсiпорын­дар мен ұйымдарға 75,6 мың адам қабыл­данды. Статистика агенттігінің мәліметтері бойынша, сондай-ақ, түрлі себептермен 82,6 мың адам жұмыстан кеткен.

*Екібастұзда балалар үйінде тәр­бие­ленген 47 бала баспанаға қол жеткізді. Осыған арналған жиында Павлодар облысының әкімі Ерлан Арын жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды баспанамен қамтуды басты міндет деп атап өтті.

*Шымкентте балалар жедел хирур­гиясы бөлімі ашылды. Ол 20 төсек-орындық балалар хирургиясы мен 5 орындық күндізгі стационар есебінен пайда болды.

*Атырауда Қашаған кен орнының газынан тәулігіне 4,5 мың тонна күкірт өндірілетін болады. «Норт Каспиан Оперейтинг Компании» ком­па­ния­сының мамандары қоғамдық тың­дауда берген ақпаратына қарағанда, Қашаған мұнайы тазартудан өткізілетін «Болашақ» зауытында түйіршіктелген және қабыршақты күкірт шығаратын қондырғылар орнатады.

*Алматыда жазушы, журналист Өтебай Қанахиннің 90 жылдығына арналған еске алу кеші өтті. Онда қалам­гердің шығармашылығы мен өмір жолы кеңінен сөз болды.

«ҚазАқпарат», «Қазақстан жаңалықтары», Bnews.kz, TengriNews, EgemenNews хабарлары бойынша дайындалды.

Соңғы жаңалықтар

Қала көркіне айналмақ эко-парк

Экология • Бүгін, 13:23