Білім • 05 Мамыр, 2020

Балабақшалар қашан ашылады?

2616 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл сұраққа Нұр-Сұлтан қаласы білім басқармасының басшысы Шолпан Қадырова жауап берді. Бәріміз білетіндей, 2020 жылдың 18 наурызынан бастап барлық мектепке дейінгі білім беру ұйымдары меншік нысанына қарамастан өз қызметін тоқтатты.

Балабақшалар қашан ашылады?

– Балабақша қызметкерлері мен меңгерушілеріне өз қалауы бойынша ақылы еңбек демалысы берілді. Меншік нысанына қарамастан барлық мектепке дейінгі ұйымдар төтенше жағдай кезеңінде мемлекеттік тапсырыс бойынша қаржыландырумен толық қамтамасыз етілген.

Мектеп жасына жеткен балаларды балабақшадан шығару жыл сайын 1 тамызға дейін, сондай-ақ балаларды жас ерекшеліктеріне байланысты бір топтан келесі топқа  ауыстыру ағымдағы жылғы 1-31 тамыз аралығында жүзеге асырылады. Сонымен қатар, ҚР-да төтенше жағдай режимі мен карантин енгізілуіне байланысты мектепке дейінгі ұйымдардың қызметі төтенше жағдай режимі аяқталғанға дейін тоқтатылды, – деді Ш.Қадырова.

Аталған ведомство басшысының айтуынша, Басқарма мектепке дейінгі ұйымдардағы босаған орындар мен түлектердің санына мониторинг жүргізуде. Жинақтау мерзімі туралы шешім төтенше жағдай режимі алынғаннан кейін қабылданады.

Мектепке дейінгі ұйымдар өз жұмысын бастау үшін Денсаулық сақтау министрлігі объектілерді пайдалануға беру тәртібі мен ережелерін әзірлеуде. Бұл құжатта объектілерде санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтау нормалары, сондай-ақ Мектепке дейінгі балалар ұйымдарының кезекші топтарының режим алгоритмі көрсетіледі. Балабақшалардың нақты қай уақытта жұмысын бастайтыны төтенше жағдай аяқталғаннан кейін белгілі болады.