Білім • 05 Мамыр, 2020

Қосымша білім беру қызметтерінің құны арзандай ма?

161 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл сұраққа Нұр-Сұлтан қаласы білім басқармасының басшысы Шолпан Қадырова жауап берді.

Қосымша білім беру қызметтерінің құны арзандай ма?

Карантин кезіндегі Елорда білім беру ұйымдарының қашықтан оқыту мәселелері бойынша баяндама жасаған Ш.Қадырова: 

– Айта кететін тағы бір мәселе - қашықтан оқыту кезінде қосымша білім беру қызметтерінің құнын төмендету. Елорданың қосымша білім беру ұйымдары қызметтерінің құны қала әкімдігінің шешімімен бекітіледі, сондықтан, үйірмелердің құнын төмендете алмайды.  

Қашықтан оқытуға келіспеген жағдайда, оқушының оқу процесіне кедергі келтірмеу үшін, баланы карантин кезеңінен кейінгі уақытта штаттық режимде оқыту ұсынылды.

Сонымен қатар, оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастыру бойынша Білім және ғылым министрлігінің нұсқаулығын күтіп отырмыз. Белгілі болғанда қосымша хабарланатын болады, – деді.