Білім • 05 Мамыр, 2020

1015 колледж студенті оқу ақысын төлей алмай отыр

236 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы білім басқармасының басшысы Шолпан Қадырова хабарлады. 

1015 колледж студенті оқу ақысын төлей алмай отыр

Карантин кезіндегі Елорда білім беру ұйымдарының қашықтан оқыту мәселелері бойынша баяндама жасаған Ш.Қадырова: 

– 16 наурыздан бастап қаланың барлық колледждері Қашықтықтан оқытуға көшті.

Қазіргі уақытта колледждер ААЖ "Platonus", Google Classroom, Edupage платформаларында жұмыс істейді. Оқу процесі белгіленген оқу жүктемесіне, оқу жұмыс жоспарына, оқу бағдарламаларына, сабақ кестесіне сәйкес жүзеге асырылады.

Білім алушыларға мемлекеттік стипендия ай сайын төленуде және төлем карточкаларына тамақтану үшін ақша аударылып отыр. 22661 студенттің басқа қалада тұратын 9172 (40,5%) студенттер тұрғылықты жеріне жіберілді. Бүгінгі таңда колледждердің жатақханасында  жетім және ата-анасының қарауынсыз қалған 50 студент қалып, оқуларын жалғастыруда. Басқарма тарапынан ол балаларға әлеуметтік көмек көрсетілуде.  

Оқу құны мамандық түріне байланысты жылына 80-нан 320 мың теңгені құрайды. Оқу ақысын төлей алмайтын студенттердің жалпы саны  1015 адамды құрады. Бүгінгі таңда колледж әкімшілігіне өтініш білдірген барлық студенттерге оқу ақысын төлеу мерзімі ағымдағы жылдың тамыз айына дейін ұзартылды, – деді.