Білім • 05 Мамыр, 2020

Колледждерге қашықтан құжат тапсыруға болады

536 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы білім басқармасының басшысы Шолпан Қадырова хабарлады. 

Колледждерге қашықтан құжат тапсыруға болады

Карантин кезіндегі Елорда білім беру ұйымдарының қашықтан оқыту мәселелері бойынша баяндама жасаған Ш.Қадырова: 

– Білім және ғылым министрлігі бекіткен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына күндізгі оқу бөліміне қабылдау Ережесіне сәйкес, колледждерге құжаттарды қабылдау 20 маусым мен 25 тамыз аралығында жүзеге асырылады. Құжаттарды колледждің қабылдау комиссиясына қағаз түрінде немесе электронды түрде e.astana.kz сайты арқылы тапсыруға болады.

Талапкерлерге оқуға түсу емтихандары таңдаған мамандығына байланысты колледж базасында өткізіледі. Елдегі санитарлық-эпидемиологиялық режим ұзартылған жағдайда талапкерлерге оқуға құжаттарды қабылдау және түсу емтихандарын өткізу нысаны қосымша хабарланаДЫ, – деді.