21 Қыркүйек, 2013

Саяси доктрина жобасы талқыланды

266 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова жұмыс сапарымен Павлодар облысында болды. Министр Екібастұз қаласына қарасты Бәйет ауылының тыныс-тіршілігімен танысып, «Богатырь-Көмір» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ұжымымен, қала жастарымен кездесті.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова жұмыс сапарымен Павлодар облысында болды. Министр Екібастұз қаласына қарасты Бәйет ауылының тыныс-тіршілігімен танысып, «Богатырь-Көмір» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ұжымымен, қала жастарымен кездесті.

Бәйет ауылдық аумағында 15 кәсіпкер «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы бо­йынша несие алған. Жас кәсіпкер Рүстем Шайхатов министрге бағдарламаның төмен пайызбен бес жылға беріліп отырғанын айтып берді. Мал шаруашылығын дамыту үшін 1 миллион 300 мың теңгеге 5 ірі қара, 10 қой алыпты. Қазір өзінің ауладағы малдарын қосқанда 20 ірі қара, 30 бас қойы бар. Ал өңірдегі жұмыссыздық деңгейі, жас­тарды жұмыспен қамту жайлы мәселелер қалалық музыка мектебінде өткен жиында сөз болды. Жүздесу еркін түрде, сұрақ-жауап түрінде өтті.

Екінші күні қаладағы «Қайнар» мәдениет үйінде «Нұр Отан» ХДП Екібастұз қалалық филиалының Х кезектен тыс конференциясы өтті. Конференция жұмысына Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова, Статистика агенттігінің төрағасы Әлихан Смаилов, «Нұр Отан» ХДП облыстық филиалының төрағасы, облыс әкімі Ерлан Арын, қалалық партия филиалының саяси кеңес мүшелері, облыстық, қалалық мәслихат депутаттары, партиялық ұйымдардың, қоғамдық бірлестіктердің, жас­тар ұйымдары, БАҚ өкілдері қатысты.

Жиында «Нұр Отан» пар­тиясының жаңа Саяси док­­тринасы ортаға салынды. «Док­тринада идеялық-дү­ние­танымдық көзқарастар мен пар­тияның басты бағдарлары нақты анықталған. Бұл партияның бас­ты құжаты деуге болады. Жаңа Саяси доктринаны қабылдау партияның сапалы жаңа даму кезеңіне өтуін қамтамасыз етуі қажет, деп атап өтті облыс әкімі Ерлан Арын.

Фарида БЫҚАЙ,

«Егемен Қазақстан.

ЕКІБАСТҰЗ.

Соңғы жаңалықтар

Қала көркіне айналмақ эко-парк

Экология • Бүгін, 13:23