Аймақтар • 05 Мамыр, 2020

Жамбыл облысында «Біз біргеміз!» қайырымдылық акциясы жалғасуда

394 рет
көрсетілді
9 мин
оқу үшін

Бүгінгі таңда коронавирус індетінің алдын алу мәселесі өте өзекті. Сонымен қатар, карантин кезінде халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау да айрықша маңызға ие. Қазіргі кезде Жамбыл облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының мүшелері мен қоғамдық бірлестіктері, өңірдегі өзге этнос өкілдерінің меценаттары азаматтық белсенділік танытуда. Олар әлеуметтік осал топтағы 9333 адамға 16 миллион теңгеден астам қаражат көлемінде түрлі қайырымдылық шараларын ұйымдастырды.

Жамбыл облысында «Біз біргеміз!» қайырымдылық акциясы жалғасуда

Атап айтқанда, республикалық «Біз біргеміз!» қайырымдылық акциясы аясында Жамбыл облыстық «Вынхуа» дүнгендер ассоциясының мәдени орталығы 1 миллион 100 000 теңге қаражатқа 120 отбасыға азық-түлік себеттерін және 100 000 теңгеге 2000 медициналық маска таратты. Аталған бірлестіктің өкілі Руслан Исмазовтың бастамасымен Алматы қаласында тұратын аз қамтылған дүнген отбастарына елде жарияланған төтенше жағдайдың алдын алу мақсатында 4 миллион 500 000 теңгеге 35 тонна азық-түлік түріндегі гуманитарлық көмек жіберілген. «Біз біргеміз» акциясы аясында Жамбыл ауданы тұрғындарына 1 миллион теңгеге 7 тонна азық-түлік үлестірілсе, ауданның Гродеково, Жалпақтөбе ауылдарының бақылау бекетінде тұрған медицина, әскери және құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне 945 000 теңгеге түскі ас ұйымдастырылған. Сонымен қатар, Қордай ауданы, Сортөбе ауылының әкімдігі еріктілермен бірлесе отырып ауданның Сортөбе, Қаракемер, Ауқатты, Карасай, Еңбек ауылдарының 305 отбасына 1 миллион 200 000 теңгеге және Ауқатты, Масанчи және Бұлар Батыр ауылдарының аз қамтылған 72 отбасына 220 000 теңгеге қайырымдылық көмек көрсеткен. Сондай-ақ, «Біз біргеміз!» акциясы бойынша Жамбыл ауданы, Жалпақтөбе ауылындағы мешіт қызметкерлерінің және дүнген этнобірлестігінің қолдауымен Түрксіб ауылында тұратын карантинге жабылған көпқабатты үйдің 22 тұрғынына 250 000 теңге көлемінде азық-түлік себеттерімен қайырымдылық жасалса, Қордай ауданы, Қарасай ауылының  кесенелерін қоршау жұмыстарына көмек ретінде 260 000 теңге көлемінде қайырымдылық көрсеткен. Қорыта келе, жалпы, облыстағы дүнген этномәдени бірлестігі өкілдері тарапынан барлығы - 9 575 000 теңге көлемінде игі іс атқарылды.

Облыстық «Махмұт Қашқари атындағы Ұйғыр этномәдени бірлестігі» Тараздағы 5-мөлтекауданда орналасқан №25-жатақхананың мүмкіндігі шектеулілер санатындағы тұрғындары мен аз қамтылған көпбалалы 80 отбасына 1 миллион теңге көлемінде азық-түлік себеттерімен қайырымдылық жасады. Ал, «Әулие Ата» қазақ мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігі әлеуметтік осал топтағы отбасыларға 30 дана медициналық маска, 15 дана антисептикалық заттар және азық-түліктермен қамтамасыз еткен. Сонымен қатар, 30 аз қамтылған отбасына барлығы 35 000 теңге көлемінде қайырымдылық көрсеткен. Сол сияқты «Ахыска» түрік этномәдени орталығының» Жамбыл облыстық филиалы  100 000 теңгеге 15 отбасын антисептикалық заттармен және 10 отбасын 100 000 теңгеге азық-түлік түрлерімен қамтамасыз еткен. Және меценаттар тарапынан барлығы 1 миллион 500 000 теңгеге көмек көрсетілген. Ал, Жамбыл облысының «Шиват Цион» еврейлер мәдениет орталығы» қоғамдық бірлестігінің тарапынан тұрғындар 500 медициналық маска, 350 антисептик, дезинфекциялау құралдары және жеке гигиена заттарымен қамтылса, көпшілікке 200 килограмм еврей халқының ұлттық наны «МАЦА» және балаларға 25 сыйлық берілген. Сондай-ақ, 15 аз қамтылған отбасына 175 000 теңгеге азық-түлік себеті дайындалып, таратылған. Тараз қаласы, Шу және Меркі аудандарының 13 қартына 315 000 теңгеге 3 тоңазытқыш, 85 000 теңгеге газ плита сатып алынып, 125 000 теңгеге дәрі-дәрмек пен гигиеналық заттар ретінде қайырымдылық көмек көрсетілді. Ал, «Самшобло»  грузин этномәдени бірлестігі» 30 000 теңгеге қала тұрғындарына 100 маска және 50 антисептикалық заттар таратса, «Жамбыл облыстық гректер қоғамы» қаладағы 10 отбасына, және 8 Ұлы Отан соғысының қатысушыларына коммуналдық төлемдерін төлеп берген. Барлығы 460 000 теңгеге қаржылай көмек көрсетілген. Сол сияқты, «Жамбыл облыстық тәжіктер қоғамы» 69 000 теңге көлемінде 4 жағдайы төмен отбасына көмектесіп және 100 бетперде таратса, «Тұран» әзербайжан этномәдени бірлестігі» 25 000 теңгеге жағдайы төмен отбасына көмектескен. Және «Низами» әзербайжан этномәдени бірлестігі» 25 000 теңгеге жағдайы төмен отбасына қол ұшын созса, «Хазар»   әзербайжан этномәдени бірлестігі» жағдайы төмен жергілікті 35 отбасына 268 000 теңге көлемінде көмектесті. Облыстық «Барбанг» күрділер қоғамдық бірлестігі» жағдайы төмен 1 отбасына 12 500 теңге көлемінде қолдау көрсетті. Қордай аудандық «Отечество» ұлттық орталығы» славян қоғамдық бірлестігі жергілікті 500 адамға 1000 медициналық маска таратса, Тараз қалалық «Өзбек» этномәдени бірлестігі» 50 адамға 2500 теңгеге 50 маска таратқан. Облыстық «Өзбек» этномәдени бірлестігінің» мүшесі Шухрат Ерназаровтың қолдауымен «Нематбай» мешіті ауданында аз қамтылған 10 отбасына 300 мың теңге көлемінде қайырымдылық көмек көрсетілсе, 2  адамды жерлеу үшін 200 000 теңге бөлінген. Ал, «Архыз» республикалық қоғамдық бірлестігінің «Бірлік» қарашай-балқарлардың Жамбыл филиалы»  елге 50 маска, 20 антисептик түрінде көмек көрсетіп, бірлестіктің ең белсенді мүшесі Татьяна Апаева жерігілікті аз қамтылған 10 отбасына 312500 теңгеге қайырымдылық жасаған. Сол сияқты, «Равноапостольный Кирилл және Мефодий атындағы Жамбыл облысы, Меркі аудандық славяндар» қоғамдық бірлестігі 50 адамға 50 маска түрінде көмектессе, «Вайнах» Жамбыл шешен-инғұш мәдени орталығы» 14 аз қамтылған отбасына 50 000 теңгенің шамасында заттай және азық-түліктей қайырымдылық жасады. Ал, Жамбыл облысының Меркі аудандық «Республикалық Әзірбайжандар қауымдастығы» филиалы жергілікті 50 адамға 170 000 теңгеге азық-түліктей көмек көрсетсе, «Барбанг» күрділер ассоциациясының Жамбыл облысындағы республикалық  филиалы» Шу ауданындағы өкілдігі блок-бекеттегі медицина мен полиция қызметкерлеріне 100 000 теңгеге түскі ас ұйымдастырған. Сонымен қатар әлеуметтік осал топтағы 30 отбасына 300 000 теңге көлесінде қайырымдылық көрсеткен. «Ахыска» түрік этномәдени орталығы» Жамбыл облыстық филиалының Меркі ауданындағы өкілдігі 11 аз қамтылған отбасына 154 000 теңгеге қайырымдылық жасаса, «Жамбыл облыстық өзбек этномәдени бірлестігінің» Меркі ауданындағы өкілдігі  аудан тұрғындарына қолдан тігілген 500 бетперде таратты және 10 аз қамтылған отбасына 150 000 теңгеге көмек көрсетті. Сонымен қатар, 10 отбасына 50 000 теңгеге күнделікті нан үлестірілуде.

Өңірдегі өзге ұлт өкілдерінің қоғамдық бірлестіктерімен қатар, облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының «Аналар кеңесі» де көпбалалы 10  отбасын 194 мың 470 теңгеге азық-түлікпен қамтамасыз еткен. Сонымен қатар, 24 әлеуметтік жағдайлары төмен көпбалалалы  аналарға 650 000 теңге көлемінде азық-түлік пакеттері таратылған. Сондай-ақ, облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы «Жаңғыру жолы жастар қозғалысының» белсенді жастары Тараз қаласының және Жамбыл ауданы, Гродеково ауылының 30 аз қамтылған және көпбалалы отбасыларына 300 000 теңге көлемінде азық-түлікпен қайырымдылық жасаған. Бұған қоса Жамбыл ауданының Қаратөбе, Қызылқайнар, Айша бибі, Жамбыл ауылдарының 1500 аз қамтылған тұрғындарына да облыстық ассамблеяның еріктілер қозғалысы тобымен медициналық маскалар берілген. Ал, Аса, Қарасу, Жамбыл, Қарой, Ақбастау, Өрнек, Полатқосшы және Гродеково ауылдарындағы 75 отбасына 750 000 теңгеге азық-түлік себеті таратыған. Сондай-ақ, Жамбыл аудандық «Жастар ресурстық орталығы» 33 отбасына 307 000 теңгеге азық-түлік себетін тарату  түрінде көмек көрсеткен. Облыстық ассамблеяның еріктілері мен Жамбыл аудандық «Жастар ресурстық орталығы» жастарының  қайырымдылық іс-шаралары  бойынша барлығы 1 миллион 357 теңге шамасында көмек көрсетілген.

 

Жамбыл облысы