Білім • 05 Мамыр, 2020

2021 жылдан бастап дипломды мемлекет емес, ЖОО береді

1663 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов ведомствоның онлайн режімде өткен аппараттық жиналысында айтты. Отырыс барысында ЖОО-ның оқушыларға мамандық таңдау мәселесі бойынша жүргізетін танымдық жұмыстары жөнінде сөз қозғалды. 

2021 жылдан бастап дипломды мемлекет емес, ЖОО береді

– Бәрі бірдей жұмыс істемей отыр деуге келмейді, кейбір аймақтардағы және ұлттық университеттер бұл бағытта жүйелі жұмыстар жүргізіп жатыр. Дегенмен көп ЖОО осы мәселенің нақты шешімін, тиімді жүйесін қалыптастыра алмай отырғанын мойындауымыз керек. 2021 жылдан бастап сертификаттау енгізіледі және әр университет мемлекеттің емес, өз дипломын береді. Мұның артында үлкен мағына жатыр. Универистетті, білім бағдарламасын қалай таңдау керек? Осындай маңызды сұрақтарға толыққанды жауап беретін жұмыс атқарылмай отыр. Ақпаратқа қанықпаған балалар мамандықты әрине дұрыс таңдамайды. Алғашқы курстан кейін немесе 1 семестрден соң студенттердің басқа мамандықтарға ауысып кететінін көріп отырмыз ғой. "Атамекен" Ұлттық палатасы жүргізген рейтинг бар, оған мән беруіміз керек. Сол рейтинг бойынша зерттеу қорытындысы да көптеген түлектердің өз мамандығы бойынша жұмыс істемейтінін көрсетіп тұр, – деді министр.