Аймақтар • 05 Мамыр, 2020

Шымкент: Мақтааралға қосымша күш жіберілді

139 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін сағат 06:00-де Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаментінің тарапынан Түркістан облысы Мақтаарал ауданына авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге арнайы техникалар мен қосалқы күш жіберілді.

Шымкент: Мақтааралға қосымша күш жіберілді

Көмекке жіберілген техникаларға тоқталсақ, 21 жеке құрам, 4 дана техника (АСО 20 – 1 дана, АЦ – 2 дана, УАЗ – 1 дана) және 6 дана мотопомпа (МП-100) көлемінде қосалқы күштер мен құралдар бағытталды.

Жалпы 2020 жылдың 2-5 мамыр аралығында Шымкент қаласынан Мақтаарал ауданындағы су басқан елдімекендердегі авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге 40 жеке құрам, 8 дана техника, 1 дана квадрокоптер және 4 дана жүзу құралдары (1 моторлы және 3 үрлемді қайық) құрамында 2 эшалон жолданды.

Еске сала кетсек, кеше Шымкент қаласынан Мақтаарал ауданына авариялық-құтқару қызметі үшін 30 арнайы техника жіберілген болатын.

 

Шымкент 

 
Соңғы жаңалықтар